You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44163
    Дата: 28.06.2018 01:52:04
    Аты-жөні: Какимова Сандуғаш
    Сұрақ:
    Мен Караганды қаласынан Центр кредит банк арқылы інім Шəмелұлы Қаныш атынан үй алған едім,алғашқы жарнасын салдым ,2017 жылдың май айына дейін төленіп келген үйімді жұмысыз қалғаныма байланысбы банк үйімді тартып алып сатып жиберді арзанға жəне үй мəселесімен айналысатын адвокат Макыжанов Қанат Тлеубергеновичке аукцон арқылы сатқан,қазіргі таңда мен жалғызбасты ана үшінші топтағы мүгедек қызымен жəне екі қызыммен үйсіз далада қалдым. Аукцонға заң орындарының өкілдерінің қатысуға құқығы жоқ емеспе,арине олар заңның бари қолдарында тұрғандықтан барлық документті бізсіз сот өткізіп жасап ақыры өздері сатып мені үйсіз ,ақшасыз қалдырды,банктің мақсаты сонда неше жыл пайызын төлеттіріп алып алғашқы жарнасын құйғызып алып елді алдаума үйсіз күйсіз қалдырып.
    Жауап күні:
    5 шілде, 2018 - 11:35
    Жауап:
    С.Ш.Какимовқа ҚР Бас Прокурорының блогы Сіздің Центр кредит банкінің заңсыз әрекеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған арызыңыз, Алматы қаласының прокуратурасымен қаралды. Блог қызметін пайдалану талаптарына сәйкес: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер прокуратура органдарына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы жүзеге асырылатындығын түсіндіремін. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Сонымен қатар Сізге келесіні түсіндіреміз. 30.06.2017 жылға Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына /мәтін бойынша - Заң/ сәйкес прокуратура органдарында өтініштердің қарау тәртібі өзгертілген. Прокуратура органдары өтініштерді осы Заңның 6, 7, 21 бабтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы, арнай 3 категориядағы тұлғалардың өтініштерін қарайды. Атап атқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың; 2) шектелмеген адамдар қатарының; 3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 8 бабына сәйкес, Сіз өзініздің бұзылған немесе даулы құқықтарынызды, бостандықтарынызды немесе заңды мүдделерінізді қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Б.Адамов орын. Тукеева Г.,т.2650419
  • Сұрақ №: 43930
    Дата: 21.06.2018 18:18:42
    Аты-жөні: Садибеков Нурбек
    Сұрақ:
    Мен, Садибеков Нурбек Конысбекович 04.11.2017 ж автокөлігіме қосалқы бөлшекке деп төлеген 231000 теңге және осы күнге дейінгі бағалаған 500000 теңге моральді шығынымды Хайрулла Өткір Курашұлынан өндіріп беруіңізді және ҚР алдап-арбау баптарымен жазалауды сұраймын. Сонымен қатар, Әуезов ІІД қызметкерлерін атап айтқанда: бастығы Е.Искаков, орынбасары М.Сагунов, анықтаушысы О.Д.Несіпбековты сыбайлас жемқорлар деп есептеуге болады. Себебі: 09.01.2018ж арқылы мені алдап ақшамды не сатып алған затымды қайтармай жүрген Хайрулла Өткір Курашұлын өз күшіммен Кар-Сити сауда орталығында сатушы екендігін анықтап тауып, 102 номеріне хабарласып учаскелік полиция қызметкерлерімен Әуезов ІІД-не апарып Хайрулла Өткір Курашұлына қатысты 231000 теңгені өндіру жөнінде арыз жазған болатынмын. Алайда жоғарыда атап көрсеткен қызметкерлер әртүрлі сылтау айтып бүгінгі күнге дейін не ауызша не жазбаша жауап ұсынбады. Бұл дегенің ҚР жеке-және заңды тұлғалардың арызын қарау тәртібі туралы заңының өрескел бұзылғанын көрсетіп тұр. Бұл мәсем туралы Әуезов аудандық прокуратура, ІІД, Нұр-Отан, әкімдік және ҚР Алматы қаласы бойынша мемлекеттік істер агенттігі блогтарына арыздандым. Алайда, еш нәтиже жоқ! жауаптары сотқа дейінгі №187513031000133 санды іс амалдар басталды деумен шектелген болатын. Осыған байланысты Сізден жоғарыда көрсетілген сумманы өндіріп беруге 2 мәрте ықпал жасауыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    18 шілде, 2018 - 18:57
    Жауап:
    Н.К. Садибековке Құрметті Нұрбек Қонысбекұлы! Сіздің, Ауэзов ауданның ІІБ-ның қызметкеріның іс-әрекеттеріне қатысты жазған арызыңыз қаралды. Алаяқтық фактісі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен СДТТБТ №187513031000133 санымен тіркелген. 25.02.2018ж., Ауэзов ауданның ІІБ-ның анықтаушысы Е. Несіпбековпен ҚР ҚПК-нің 35 баб 1 бөлігінің 2 тармағына сәйкес Ө. Хайрулла іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылған. Қылмыстық іс қысқартылғанымен Ауэзов ауданның прокуратурасы келісті, анықтаушының қаулысын бұзу негіздері жок. Осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғарғы тұрған прокуратураға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз. Әуэзов ауданының прокуроры әділет кеңесшісі М. Тлеубердиев : Сапарбаев Д.И. : 249-49-47
  • Сұрақ №: 43912
    Дата: 21.06.2018 13:33:29
    Аты-жөні: Баямбаев Серикбол
    Сұрақ:
    Бостандық ауданының участковой инспекторы келіп тиісіп қоқаң лоқы көрсеткені үшін кімге арыз жазу керек?
    Жауап күні:
    29 маусым, 2018 - 19:37
    Жауап:
    С.М. Баямбаевқа Сіздің, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының блогынан келіп түскен Бостандық ауданы жергілікті полиция қызметінің аудандық инспекторының заңсыз әрекетіне кайда шағымдануға болатыны туралы арызыңыз Бостандық ауданы прокуратурасымен каралды. Бостандық ауданы жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетіне, Бостандық ауданының прокуратурасына немесе Алматы қаласының Ішкі істер Департаментінің жергілікті полиция қызметіне пошта қызметі арқылы, www.115kz. электронды порталы арқылы немесе тікелей келіп арыз беруіңізге болады. Бостандық ауданының прокуроры Д. Шүйкебаев орын Абдуханов А.М. тел. 265-04-32
  • Сұрақ №: 43874
    Дата: 20.06.2018 08:25:02
    Аты-жөні: Испанкулова Кулайша
    Сұрақ:
    Алматы қаласы, Бостандық ауданы прокуроры Шуйкебаев Динмухаммед Кендыбайұлына Испанкулова Кулайша Әтімқұлқызынан. 10.01.1957ж Жамбыл обылысы Тараз қаласы 1ші Еспаев бұрылысы 52 үй. Тел: 87773197209. E-mail: gul-isp@mail.ru Жеке куәлігі:037351347, ЖСН-570126401959 Талап арыз Ұлым Тохтарали Алиайдар Миррабұлын /24.11.1995ж, Жамбыл облысы, Тараз қаласы тумасы/ күдікті ретінде 24.04.2018 жылы Алматы қаласы, Бостандық ауданы ІІБ қылмыстық істер тобымен Науаи көшесінде ұсталып, №1875140031001864 іс қозғалып, тіркелген де, ҚР ҚК-нің 188б4п,3т тағайындалған. Баламның айтуы бойынша оған Шыңғыс деген досы ұсыныс жасаған. Оның мәні Шыңғысқа Кеншімбай Бағдат деген танысы компьютерден сауаты бар, биткоин ауыстыратын адам бар екенін және жұмысы үшін пайызы төленетінін айтты. Осылайша Алиайдарды көндіріп, 22.04.2018ж. биткойн сатып алушы Ибраев Мақсат, Кеншімбай Бағдаттың тапқан биткойн сататын адамдар Олжас, Әлішер, Ислам, менің ұлым Алматы қ., Науаи көшесінде кешкі шамасында кездесті. Мен бұл хабарды 26.04.2018ж. кешкі 18.00-де, қамауға алып қойғаннан соң ғана естідім. Енді 2 ай болды балам әлі тергеу изоляторында жатыр, алғаш ұстаған күннен бері әлі тергеу жүргізілмеген. Неге тергеуші Қанағатов Санжар бізге бірден хабарламаған? Базада бәріміздің телефон, мекен-жайымыз жазулы ғой. Баламнан әлі тергеу дұрыс алынбады деп ойлаймын. 1. Бостандық ауданының ІІБде журлналда болған қылмыс (ұрлық немесе шабуыл) туралы тіркеу бар ма? 2. Қылмыс болған жерге баруға кім рұқсат берді: ФИО және көліктің номері 3. Қылмыс болған жердің нақты мекен жайы және уақыты 4. 72 сағат ішінде неге туыстарына хабарламаған? 5. 140000$ ақшалай қаражатты санап алған куәгерлер бар ма? 6. Статья дұрыс жазылмаған, бұл адам құқығының бұзылуы және заңды қатал 7. Ұстау уақытында Бостандық ІІБ қызметкерлерінің тізімі бар ма 8. Алиайдардың ең бірінші түсініктемесі 9. Ибраев Алиайдарға транзакция жасау барысында компьютермен жақсы қолданатынын көріп ӨЗІ ЖҰМЫС ІСТЕП жатқан компанияға жұмысқа шақырған 10. Ибраев Алиаидарды ұстап алған кезде ол Алиаидардың кінәсіз екенін толық ақтады, бірақ мен онымен кездескен кезде ол еш жерде жұмыс істемейтінін және ақшаның біреудікі екенін аитты. 11. Ибраев операцияның ахуал шыққанын көріп Алиайдарды өз машинасынан Олжасқа сүйретіп шығарды. Сол кезде айқай-шу көтеріліп кетеді. 12. Қаражат ұрланып жатқан мезетте ҮШ адам отырып (Ибраев және оның екі досы) қалай қолындағы ақшаны қалай беріп қойып жүр? Адам бірінші тергеуде көп нәрсені дұрыс айтпауы да мүмкін.Протокол тергеушінің айтуымен жазылған,өз қолымен емес күдікті оқымай, не жазылғанына жөнді түсінбей, қол қоя салады ғой. Енді ақшаны алып кеткендер неге ұсталмай отыр? Неге ұстауға әлі санкция берілмеген? Оларды мүмкін тергеушілер ұстап, олардан да ақшаның бір бөлігін алып босатып жіберген шығар. Жәбірленуші де РОВД-дағыларды жақсы таниды екен. Бәрі бір-бірімен сыбайлас адамдар деп ойлаймын. Баламмен қоғамдық тергеуші ретінде 2 рет кездестім. Баламды 7-8 сағат бойы қинап, балағаттап, еденге жатқызып қойып тергеу жасаған. Істемеген нәрсені істедің деп диктовкамен жазғызған. Одан кейін әлі тергеу жасалмаған. Істі неге созып жатыр? Балам ақша ұрлаушыларды жаксы танымайды екен. Баламның жұмысы тек ақшаны ауыстырып беріп, өз процентін алу болған. Мен интернеттен биткойнді ауыстыру туралы оқыдым. Кез-келген адам тіркеліп, ауыстыра алады екен. Ауыстыруға бірнеше сағаттан, 3-6 күнге дейін уақыт кетеді. Баламды сатып кету үшін, ақшаны алып кеткендер Олжас, Әлішер, Ислам өздері балама айтпай, жоспар құрған. Балам жәбірленуші Ибраев М машинасына баламды өзі отырғызып.транзакция жасап отырғанда, яғни олардың биткойнын өздерінің аккаунты арқылы ауыстырып жатқанда сол кезде , Олжас келе жатты, Ибраев 500$ ақша аипбұл төлеу керек деді. Алиаидар мен Мақсат менде ақша жоқ деді. Олжас Алиайдарды не ұзақ болып кетті деп машинадан сүйреп қуып жоғал ары деп машинадан шығарған. Сол кезде айғай-шу басталып, Олжас, Ислам, Әлішер, Бағдаттар ақшаны алып қашқан. Балам жалғыз өзі қалған, аналар қашқан соң, балам да не істерін білмей, ақша ұрлағандардың артынан қуалайық деп соларды артынан қуып бара жатқан кезде полиция қызметкерлері 5 минут уақыт арасында(группа захвата) ұстап алған. Кеншімбай Бағдатқа статъя беріп, қолхатпен босатып жіберген. Оның әкесі тергеуші Қанағатов Санжарды жақсы танығандықтан жіберді дейді балам. Алаяқтардың, яғни ақшаны алып кетушілердің кім екенін сол оқиға болған күннің ертесіне анықтаса да, әлі күнге дейін әлі ұстауға неге санкция бермеген. Іздеу салмаған. Олар қашанғы еркіндікте жүре береді. Балам олармен сыбайлас болса, неге бірге ала кетпеген. Әдейі өздері ізін суыту үшін, оны жаяу тастап кетті. Баламды ұстағанда оның қолында еш ақша болмаған ғой. Алиайдардың ақшасы, іздер-сұрары жоқ пәтерде жүрген студент екенін біліп подставить етіп кетпекші болған. Кеншімбай Бағдат компьютерді біле, Алиайдарды неге бұл іске араластырды. Ал енді жәбірленуші Ибраев Мақсатпен 07.06.2018ж сөйлестім. Ақша біреудікі дейді. Ақшаның иесі қайда? Сондай көп ақшаны қайдан алды, декларациясы бар ма екен? Неге банкте емес, қорықпай көшеде айырбастауға біреуге береді? Ол бір жерден шыққан лас ақша болуы да мүмкін. Сондықтан тезірек көзін құрту үшін бейтаныс адамдарға төмен пайызбен айырбастамақшы болған. Күмәнданса неге кетіп қалмады, банкте ауыстыру керек еді тәртіп бойынша. Неге менің баламды ұстағанша, ақшаны алып қашқандардың соңынан қумады. Бұл қылмыс алаяқтар мен ІІБ қызметкерлерімен бірігіп, ауадан ақша жасау үшін жасалған арнайы іс-әрекет. Еш жәбірленуші жоқ. Биткойн сатушы да, сатып алушы да өздері. Жәбірленуші Ибраев Мақсат екі досымен отырып, ақшадан қалай айрылды, неге ақша алып кеткендердің артынан қумады. Ол ІІБ қызметкерлерінің бәрін таниды екен. Неге тергеуші бірден жәбірленушімен бір мезетте тергеу жасайды. Бөлек жасау керек қой. Сол күні баламды тоғыз адам тергейді, балағаттайды. Неге тергеу жасар алдында дайындық жұмысын жасамайды. Психологиялық қысым жасап түн ортасында мойындатқан. 2 ай болды жеке бастары анықталса да, алаяқтарды ұстауға санкция берілмеген? Неге Алиайдар мен Бағдат статьясы бірдей болса да, Алиайдарды залогқа жібермеді? Сізден осы істі дұрыс тергеп, кімнің ақ, кімнің қара екенін анықтасаңыздар. Адам тағдырына бей-жай қарамаңыздар. Баланың жас өмірін қор етпеңіздер. Осы істі дұрыс шешіп бересіздер деп сенемін.
    Жауап күні:
    26 маусым, 2018 - 17:40
    Жауап:
    К.А. Испанкуловаға Еспаев көшесі, 52 Жамбыл облысы, Тараз қаласы Құрметті Кулайша Әтімқұлқызы! Сіздің, А.М. Тохтаралиге ҚР ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағымен қозғалған 187514031001864 санды қылмыстық іспен келіспейтін жөніндегі арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. Алдын ала тергеу органымен А.М. Тохтарали басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жәбірленуші М.С. Ибраевтың 44 494 000 теңге ақшасы жасырын түрде ұрлағаны үшін күдікті болып танылған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағымен 187514031001864 санды қылмыстық қозғалған А.М. Тохтарали күдікті болып танылып, оған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазырғы таңда, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нақты шешім қабылданған жоқ. 2018 жылдың 6 маусымда А.М. Тохтаралидың қорғаушысы М.К. Султанбековқа осындай уәждері қаралып, қылмыстық істің мән-жайын толық, объективті және жан-жақты қарау үшін жазбаша нұсқау берілген. Аудан прокурорының м.а. Е.С. Құлбаев Орын.Куланбаев Е.Т. Тел. 264-55-05
  • Сұрақ №: 43635
    Дата: 13.06.2018 10:21:35
    Аты-жөні: Мамиева Акерке
    Сұрақ:
    Құрметті Берік Қуанышбекович! Сізден ені Ішкі істер қызметкерлері арқылы қорқытып, қоқан-лоқы жасап, өзімнің және қызымның өміріне қауып төндіріп отырған Муханов Аслан Асанулы (87071313555) мен Кабдолданов Кайраттан, оның әйелі Керейбаева Динарадан (87071161270) қорғауыңызды, олардың іс-әрекетіне тоқтау салуыңызды сұраймын. Муханов Асланның: «Ағзаңды органға бөліп сатар едім, әттең аурусың, өтпейді, Қызыңмен жеке сөйлесейін деп 2 ай аңдыдым»,-деген сөздерін маған және менің қызыма қарсы қабылданып жатқан қылмыстық іс-әрекет пен қоқан-лоқы ретінде қабылдаймын және ол туралы сізге деп ескертемін. Мен 2017 жылдың 18 қазанынан 2018 жылдың 20 наурызына дейін ЛА155/1 тергеу изоляторында жатқан кезімде сыртымнан арыз жазып, азаматтық сот шешімін шығартыпты. Бұл туралы мен тек 2018 жылдың 12 маусымы күні кешкі сағат 20.50-де естіп, көшірмесін қолыма алдым. Жағдайымды түсіндірмек болып едім, Бостандық ауданының АПБ-на алып барды. Олардан қашқан ешкім жоқ, тек бұл жайттан хабарсыздығым болмаса. Жұмысқа енді ғана орналастым.ҚР Жоғары Сотының 2017 жылдың 29 маусымындағы №6 Нормативті қарарының 11-б. сәйкес менің жағдайымды (6 ай түрмеде жатқаныма байланысты міндеттемені орындай алмағандығымды) ескеріп, Муханов Аслан, Қабдолданов Кайрат пен Керейбаева Динаралардың іс-әрекетіне тоқтау салуыңызды, маған және менің қызыма қарсы қоқан-лоққы көрсетпеулерін ескертуіңізді сұраймын.Ntktajysv 87472962391
    Жауап күні:
    19 маусым, 2018 - 14:55
    Жауап:
    Алматы қаласы ІІД-нің ТБ-ның бастығы Р.Т. Абдрахмановқа А.Н.Мамиеваға Бас Прокурордың блогы Негізінен қарап және тиісті шаралар қабылдау үшін А.Н.Мамиеваның арызы жолданады. Арызда көрсетілген уәждерді, толық көлемде тексеріп, қаралу нәтижесі жайлы арыз иесіне заңмен көрсетілген мерзімде хабарлап, сонымен қатар қалалық прокуратураға толық ақпарат жолдауыңыз қажет. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін. Қосымша: арыз 1 парақта бірінші мекенжайға. Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастығы Е. Жақсыбаев @ А.Адырбеков ( 265-03-34

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.