You are here

Алматы қаласының прокуроры тағайындалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасының келісімімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Б. Жүйріктаев  2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған.

Б.Қ.Жүйріктаев 1978 жылы туылған. Прокуратура органдарында 1999 жылдан бастап еңбек етеді. Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратураларында түрлі қызметте, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2010-2013 жылдар аралығында Алматы қаласы прокурорының орынбасары және Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

2013 жылдың қазан айынан – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін Елбасының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.