You are here

«Алматыда жеке сот орындаушысы кәмелетке толмаған үш баланы алиментінен айырды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының жеке сот орындаушысы кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерді заңсыз ұстап отырғаны туралы азаматша Е.-нің арызы бойынша аудан прокуратурасымен тексеріс жүргізілді.

         Соттың шешімімен арызданушыдан жеке тұлғалардың пайдасына 3.5 млн. теңге өндірілген. 

        Аталмыш берешекті өндірумен Алматы қаласының жеке сот орындаушысы айналысқан.

         Қазырды өндіру барысында, сот орындаушысы борышкердің банктік шотына ай сайын алимент есебінде түсіп жатқан ақшаға тыйым салып, 1 жылдам астам уақыт бойы 345 000 теңге сомадағы ақшаны заңсыз ұстап отырған.    

         Алиментке арналған ақшаны ұстай тұра, сот орындаушысы борышкердің кәмелетке толмаған үш баласының мүліктік құқықтарына қол сұқты.

         Тек қана аудан прокуратурасының араласуынан кейін ғана, заңсыз ұсталған ақша арызданушыға толық көлемде қайтарылды.

         Оған қоса, сот орындаушысы тарапынан атқару өндірісі аумақтық округінен тыс жерде жүргізілгені анықталды, өйткені, борышкер өндіріс қозғалған уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан. Қазіргі таңда, өндіріс аталған облыста жүргізіліп жатыр.      

         Жоғарыда аталған деректер бойынша, аудан прокуратурасымен Алматы қаласының Әділет департаментіне жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуын тоқтата туралы ұсыныс енгізілді.

         Ұсынысты қараудың нәтижесінде, Әділет Министрлігінің 19.04.2017 жылғы бұйрығымен Алматы қаласының жеке сот орындаушысы У.-дың лицензиясының қолданылуы 6 айға тоқтатылды

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.