You are here

Баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Соңғы уақытта жер мәселесіне байланысты түрлі алыпқашпа әңгімелер белең алып отыр. Кейбір жеке тұлғалар Қазақстан жерлерінің шетелдіктерге сатылатындығы туралы жалған мәлімет таратып, азаматтарды арандатып, ағымдағы жылғы 21 мамырда рұқсат етілмеген наразылық акцияларына шақыруда.

 Елбасы ҚР Жер кодексіне енгізілген төрт түзетудің күшіне енуіне мораторий жариялады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау мен түсіндіру және ұсынымдар әзірлеу үшін жер реформасы жөніндегі Комиссия құрылды.

 Бүгін, Алматы қаласының әкімдігі өз тарапынан келіп түскен өтініштерді қарастырып, ағымдағы жылғы 21 мамырда жер мәселесі бойынша наразылық акцияларды өткізуге рұқсат бермеді.

 Осыған байланысты, Алматы қаласының тұрғындары мен әлеуметтік желілерді қолданушылардың заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу қажеттігіне назар аударамын, сондай-ақ рұқсат етілмеген наразылық акцияларын өткізуге шақырғаны мен оған қатысқаны, сонымен қатар әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыратын белгілері бар жарияланымдарды орналастырғаны немесе таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін (ҚР ӘҚК 488 бабы, ҚР ҚК 174, 274 және 400 баптары).

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.