You are here

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  - 727443170

Бүгін, жас ұрпақты патриоттық рухында тәрбиелеу, кәмелетке толмағандардың дүниетанымын, мәдени сана-сезімін кеңейту мақсатында, Түрксіб ауданы прокурорының бастамасымен, «Грин бас компани» ЖШС қолдауымен аз қамтамасыз етілген жанұялар қатарынан 300 бала үшін Орталық мемлекеттік музейге экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия мақсаты – Мемлекет басшысының 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында балаларға ұлттық-мәдени түп-тамырды көрсету, тарих пен ата-бабамыздан қалған мұраға құрметпен қарауды тәрбиелеу.
Шараны ұйымдастыруға сондай-ақ аудан әкімдігі, білім бөлімі және ішкі істер басқармасы қатысты.
Балалар үшін музейдің экспозициялық залдары бойынша егжей-тегжейлі экскурсия өткізіліп, Қазақстанның сан ғасырлық тарихы, Жер шарында өмір пайда болғаннан бастап, көшпенді және қала өркениетінің дамуы мен өзара әсерлесуі, ХХ-ХХІ ғасырлардағы оқиғалар мен бүгінгі күнге дейінгі тарих туралы айтылды.
Жасөспірімдердің назарына қазақ халқының этнографиялық өзгешелігі, Қазақ хандығының құрылуы, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы туралы ақпарат ұсынылды.
Балалардың айтуынша, бұл экскурсия оларды қазақстан халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы, оның философиялық көзқарасы, бай материалдық және рухани мәдениетінен хабардар етті.
Осы тектес шара Алматы қаласы Түрксіб ауданының тағы да 600 баласы үшін жоспарланған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.