You are here

Еңбек жалақысын төлемегені үшін жауапкершілік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қәзіргі уақытта азаматтарға еңбек  жалақысын уақытында төлеу мақсатында Алматы қалалық прокуратурасында   «Еңбек жалақысын кешіктірусіз төлеу» атты жобаны жүзеге асыру қолға алынып отыр.  Бұл өте маңызды әлеуметтік-қоғамдық сұрақтардың бірі, алайда адамдардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға өздері тікелей ат-салысуы қажет. Қәзіргі таңда қоғамдағы келеңсіз жағдай еңбек заңнамаларындағы жумыс берушілердің жумысшыларға қатысты өз міндеттерін толық орындамауы, заңдарды бұзуы, сонымен бірге, жумысшы азаматтарымыздың  жалақыны уақытында алу құқықтарының бұзылып отыруы, прокуратура  органдарын бей-жай қалдырмауда. Еңбек заңдарының міндеттерін  және құқықтарынның сақталмауы, сонымен қатар жумыс берушілердің жауапкершілігі және жумысшылардың құқықтарының  бұзылғаны туралы азаматтардың заңды білмеуі, көпшіліктің заңдардан бей хабар екендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан,  «Алматы қаласы прокуратурасы төмендегіні хабарлайды, жұмысшылардың өз еңбегіне  еңбек ақы алу құқығы Қазақстан Республикасы Ата заңымен қорғалады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер жұмысшыларына еңбек ақыны айына бір рет, келесі айдың бірінші он күндігіне жетпей төлеп отыруы қажет. Еңбек ақыны нақты қай күні төлеу керек екені еңбек келісім шартында көрсетіледі.

 

Жумыс жалақысын төлемеген жағдайда не істеу керек.

Жалақысы 1 күнге кешіктірілген Әрбір адам өз құқығын қорғауы қажет.   Жұмыс берушілерден  жумысшыға еңбек ақысын уақытында төлемеуі және төлеу мерзімін ұзартылуы  қандай себеппен бұзып отырғанын анықтау керек. Егер басшылардан ешқандай қорытынды шықпаса, әр азамат осы сұрақтармен  прокуратура органдарына хабарласуға құқығы бар немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша Сот органдарына  талап арызбен жүгінуге құқығы бар. Еңбекке ақы ақы сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек құқықтық қатынастарына байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж салығы алынбайды. (Салық кодекс 541 бап 1 бөлігі).

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңның 111 бабының талаптарына сай, алименттердi өндiрiп алу бойынша талаптар; жарақат алудан немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар; қызметкерлердiң еңбектегi құқық қатынастарынан туындайтын талаптары қанағаттандырылып Бiрiншi кезекте орындалуға жатады. Яғни, еңбек ақы бойынша қарызды өндіру  Сот орындаушылардың басты бағыттарының бірі болып саналады дегенді білдіреді.

        Алматы қаласында Жеке сот орындаушылар мекемесі жанынан «Сенім» кеңсесі құрылып азаматтарға өте жоғары деңгейде сот шешімдерін орындауға жағдай жасалып отыр, еңбек ақы бойынша қарызды өндіру  Сот орындаушылардың басты бағыттарының бірі болып саналады. 

         Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасымен  азаматтарға құқықтық сауаттылыығын жоғарылату мақсатында «Прокурордың 100 кеңесі» атты практикалық кеңес жинақтары дайындалған.

Прокуратураның кеңес жинағы маңызды, өзекті сурақтар негізінде жасалған. Олар: Отбасы, Кәсіпкерлік, Еңбек қатынастары, Құқық қорғау органдары, алимент өндіру және басқа да бағыттар болып табылады.

         ҚР Бас прокуратурасының  сайты № 115.kz ақысыз телефон құрылғысы негізінде хабарласу қамтамасыз етілген, бұл жинақ еліміздің азаматтары үшін қазақша және орыс тілдерінде берілген.     

         Жумысшылар өзінің  еңбек ақысын алу құқығы еңбек заңнамасы арқылы қорғалады. Еңбек ақыны кеш төлеу немесе төлемеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке шейін тартылатыны заңдармен қарастырылған.

 

Әкімшілік жауапкершілік тарту

 

Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87 бабы бойынша жауапкершілікке тартылып  30-150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Әр азамат жұмыс берушінің еңбек заңнамаларын сақтамағаны жайлы арызбен жергілікті еңбек инспекциясына шағымдана алады.

 

Еңбек ақысы төленбеген жағдайда қылмыстық жауапкершілік тарту

 

ҚР ҚК 152 бабының 3 бөлігі Басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi – 

1.Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз,

         2.Бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Мұндай санаттағы істер  ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 32 бабында айтылғандай жекеше айыптау болып саналады, сондықтан жеке тәртіппен тұлғаны Қылмыстық жауапкершілікті тарту ушін сотқа арызбен шағымдану қажет.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.