You are here

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына түсініктеме

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түрксіб ауданы прокуратурасы хабарлайды, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2015 жылдың 30 желтоқсаны № 1131 Үкіметінің Жарлығында көрсетілгендей, 2016 жылдың басынан бері қазақстандықтар сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылық туралы хабардар еткенде немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсеткені үшін  қолма-қол ақшалай сыйақы алуға мүмкіндігі болады.

Осылайша, Жарлыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық фактісі туралы хабардар етсе немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмегі үшін біржолғы ақшалай сыйақы мөлшеріне ие болады.

Аталған сыйақы сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтың әкімшілік істері бойынша 30 АЕК мөлшерінде; сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты 40 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін тағайындалады.

Сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтарды хабарлаған тұлға тағайындалған ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда,уәкілетті органдарға хабарланып, уәкілетті органға ұсынылған тиісті өтініш бойынша  оған диплом немесе алғыс хатпен марапаттау түрінде  болуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ықпал ету сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау; сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылық жасаған,іздеу салынған адамның орналасқан жері туралы ақпаратты ұсыну; сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықты тергеу, анықтау және жәрдем берудегі өзге де жұмыстар.

Ақпарат берген тұлға тарапынан кінәсі бар адам әкімшілік жаза қолдану туралы  сот шешіміне сәйкес кінәлі деп танылса, тұлғаны айыптауда жауап берілсе, оңалту негiздер бойынша қылмыстық iс қарауды тоқтату туралы үкімі шықса сыйақы тағайындалады.

Сыйақы төлеу тұлғаға сыйақы тағайындау туралы бұйрық тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.