You are here

«Қолжетімді жұмыс» жобасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасымен және біздің серіктестеріміз «Аллерго Қазақстан» ЖШС және Алматы қаласы Жетісу ауданының Әкімшілігімен бірлесіп Қазақстандағы хабарландыру нарығындағы ең ірі интернет сайты «OLX.kz» алаңында, бір жолғы жұмыс жөнінде Алматы қаласының және еліміздің барлық жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларын біріктіретін жаңа, өз қатарындағы ерекше «Қолжетімді жұмыс» айдарын жүзеге асырылуда.

 Жобаның негізгі мақсаты жұмыссыздарға, студенттерге және басқа да мұқтаж тұлғаларға қандай да бір білім деңгейін, мамандықты, біліктілікті қажет етпейтін, тек қана қуат пен ынтаға шектелген бір жолғы жұмыс және жедел еңбекақы табуға мүмкіндік ұсыну болып табылады.

 Бір жолғы жұмыс түсінігіне қысқа мерзімді және төлемақысы әдетте кішігірім болатын жұмыстар кіреді (3000-5000 теңге). Мысалға, бұл газонды қию, құрылыс қалдықтарын шығару, үй жинау, терезе жуу, ағарту, сырлау, итті қыдырту, яғни үй шаруашылығындағы кез келген жұмыс.

 Мұндай жұмыстар халықта үлкен сұранысқа ие екендігін талдау көрсетті, оған дәлел Сейфуллин және Рысқұлов даңғылдарында және басқа орындарда ұзақ жылдар бойы орын алып отырған биресми еңбек нарығының болуы және олар біздің ойымызша бұл жобаның еңгізілуінен бастап өз өзектілігін жоғалтады.

 Іс жүзінде, танымал сайт базасында заманға сай бір жолғы жұмыстарды қамтитын интернет аланы құрылуда және онда тегін, тіркелусіз жедел түрде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстар жүктеледі, ал жұмыс беруші мен жұмыскер бір бірін табатын тағыда бір кең және қолжетімді қайнар көзіне ие болады.

 Жоба, қоғамды жұмыспен қамту, мүлікке қарсы қылмыстардың санын төмендету сияқты әлеуметтік сұрақтарды шешуге бағытталғандығын, сонымен бірге жоба қандай да бір бизнес идеямен байланысты емес және ақшалай табыс алуға бағытталмағандығын айта кеткен жөн.

 Жобаның көмегімен біз жастарды еңбекке баулуға, қоғамда қылмыс жасағаннан көрі өзінің адал еңбегімен ақша табуға оңайрақ түсінігін енгізуге, азаматтардың тұрмыс жағдайын жоғарлатуға, қылмыстылықтың, соның ішінде мүлікке қарсы (ұрлық, тонау және қарақшылық) қылмыстардың деңгейін төмендетуге бағыттағанбыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.