You are here

"Мүгедектердің құқықтарын қорғау - прокуратураның басымдығы"

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, Мемлекет Басшысы - Ұлт Көшбасшының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауы шеңберінде "Мүгедектердің құқықтарын қорғау - прокуратураның басымдығы" жобасын әзірледі.

Алматы қаласында 41 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі адам тұрады.

Мүгедектер олардың денсаулық жағдайын ескере отырып, әрдайым тұрақты және төленетін жұмысқа тұруға мүмкіндігі бола бермейді.

Мемлекет мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ете отырып, заңды түрде жұмыс берушілерді квота шеңберінде 2-ден 4 % - ға  дейін жұмысқа алуға міндеттейді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Бостандық ауданының прокуратурасы "Бос орындар жәрмеңкесі" акциясын өткізді, нәтижесінде жұмыс берушілер мүгедектермен еңбек шартын жасасты.

Біздің бастамамыз бойынша осы жылдың соңына дейін 400-ден астам мүгедек кресло-арбалармен, 800-ден астам санаторий-курорттық емдеумен,  50-ге жуық есту протездеу көмегімен,  35 ым-ишара тілі мамандарының қызметімен және жеке көмекшілермен қамтамасыз ету іске асырылуда.

Көруі шектелген адамдар үшін арнайы синхронды дыбыстық бағдаршам және жарық сигналы орнатылды (Қалдаяқов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан колледжде 32 көзі көрмейтін мүгедектер оқиды).

         Жобаны іске асыру жалғасатын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.