You are here

«Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы зорлық-зомбылық»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Түрксіб ауданының әкімі Владимир Николаевич Устюговтың төрағалығымен Түрксіб ауданы прокуратурасының бастамасы бойынша «Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы зорлық-зомбылық» тақырыбында тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына қатысты ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Оның жұмысына Түрксіб ауданының прокуроры Асхат Шәріпов, жергілікті полиция қызметінің бастығы Фархат Сбанбаев, аудан Әкімі аппаратының, басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жетекші БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту, құқық қолдану практикасындағы проблемалар, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты күшейту мәселелері талқыланды.

Түрксіб ауданының прокуроры күн тәртібініңі өзекті екенін атап өтті.

         Соңғы жылдары елімізде пәрменді заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Соның арқасында отбасы-тұрмыстық қылмыстар санын елеулі төмендетуге қол жеткізілді.

         Дей тұрғанмен мәселе әлі де өзекті. Шаңырақтағы зорлық-зомбылық елеулі әлеуметтік проблема болып қалуда. Көптеген құқық бұзушылар жазадан бұлтарып, зорлық-зомбылық фактілері тіркелмеуде. Ресми статистика зардап шеккендердің полицияға арыздануына бөгет болатын бірқатар факторларға байланысты іс жүзінде картинаны көрсетпеуде.

         Сондықтан да, бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін ескертуде жаңаша тәсілдерді іздестірудің маңызы зор. Мұндай әрекеттерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан ескерту басым болуы тиіс.

         Осыған байланысты, Түрксіб ауданының прокуроры Түрксіб ауданы әкімі жанынан Отбасын қолдау жөніндегі штабты құруға бастамашылық етті, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен айналысатын субъектілер қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.

         Бұл жұмыстың сәтті болуына мемлекет мен азаматтық қоғам институттарының бірлесіп жұмыс істеуі, соның ішінде зардап шеккен адамдардың проблемаларын практикалық тұрғыда шешуге жұмылдырылған қоғамдық ұйымдармен етене қызмет әсерін тигізеді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.