You are here

Прокурор ретінде бір күн

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Бизнесті қорғау бойынша жаңаша акцияны Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы мен қалалық прокуратура өткізді

Белгілік қазақстандық бизнесмен Бейбіт Әлібеков бір күн бойы өзін прокурор ретінде сезіне алды. Қазақстандық телерадиотарату қауымдастығы басшысы, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушы, First Media Group медиахолдингінің жетекшісі Бейбіт Әлібеков кезекші бөліммен, прокурорлар кабинеттерімен жеке танысып, қадағалаушы органған жүгінген кәсіпкерлерді де қабылдап үлгерді.

Мұнай өнімдерін өңдеуші «ЭкоЛайт-М» ЖШС басшысы салық органдарының заңға қайшы әрекеттеріне шағымданды. Проблеманы тыңдап, Бейбіт Әлібеков өз ұсынымдарын берді. Өз кезегінде, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев қарап, іс бойынша шешімді апталық мерзімде қабылдауға міндеттенді.

Бұл қалалық прокуратура мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен акцияларының біріншісі емес. Екі ұйым арасында жасалған өзара әрекеттесу туралы Меморандумның арқасында жыл басынан бері бизнесті бірде бір заңсыз тексеруге жол берілмеген: 613 прокурорлық ден қою актісі енгізіліп, 1268 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мұндай көрсеткішке прокуратураның ықшам топтарының кәсіпкерлердің арыздары бойынша жедел келуі арқылы қол жеткізілді. Құқық бұзушылық туралы телефон арқылы да хабарлауға болады. Бизнесті қорғау бағыты бойынша Алматы қалалық прокуратурасына 469 арыз түскен.

         Бизнес-климатты сауықтыру бойынша бірлесіп қабылданған шаралар нәтижесінде бүгінде мегаполисте елеулі экономикалық өсу байқалуда. Жыл басынан бері Алматының жинақталған бюджетіне 1 020,6 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түскен. Бөлшек саудадағы тауар айналымы көлемі 0,4% артып, 1 374,3 млрд. теңгені құрады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.