You are here

Прокурорлар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнаманы түсіндіруде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Алматы қаласының Медеу ауданының әкімшілігінде Медеу аудандық прокуратурасының ұйымдастырылуымен «Үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу» туралы заңнамасына қатысты жиын өтті.

 Құрылыс компаниялары мен жергілікті халықтың қатысуымен өткен жиын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, жаңа заңның нормаларын түсіндіруге арналды.

 Қатысушалар арасында жаңа заң бойынша құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, үлескерлердің құқықтарын реттейтін нормалар және тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тарту шарттары қызу талқыланды.

 Медеу ауданы прокуратурасының аға прокуроры А. Искаков, биылғы жылдың 10 қазанында күшіне енетін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тек үш тәсіл арқылы ұйымдастырылады:

 1. Кепілдік беру қорынан кепілдік алу;

 2. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

 3. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

 Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) құрылысы үшін осы заңды көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады – деп мәдімдеді.

 Аталған бағыттағы жұмыстар  жалғасуда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.