You are here

«Спортқа барар жол»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласының прокуроры Б.Н. Асыловтың бастамасымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және прокуратура органдарының құрылғандығына 25 жыл толуына байланысты Жетісу ауданында «Спортқа барар жол» атты әлеуметтік жоба іске қосылды.         

Бұл жобаның басты мақсаты спортқа ынтасы бар отбасылық жағдайы төмен және ерекше қабілетті, сондай-ақ оның ішінде спортпен тұрақты түрде айналысқысы келетін жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға мүмкіншілік беру болып табылады.      

Аталған жобаны жасап, іске асыру туралы идея прокурорлық қадағалаудың басты салаларының бірі борышкерлердің өз балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерінің, яғни алименттердің тиісті түрде өтелуін қадағалау барысында туындады.    

Сонымен қатар, талдау толық емес және материалдық жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленетін балалар қаражаттың жетіспеуіне байланысты өздерінің қандайда бір спорт түріне деген қабілетін дамыта алмайтынын көрсетеді.

Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алиментті өндіру туралы 10 мыңнан аса атқару құжаттары тіркелген, оның ішінде 830-ы Жетісу ауданы бойынша.   

Жобаны іске асыру туралы бастама мемлекетпен балаларды және жалғыз басты аналарды әлеуметтік қорғау тұрғысынан, сондай-ақ, болашақ ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беріп өзара бәсекелестікті арттыру қажеттілігінен туындап отыр.        

Қазіргі таңда, Жетісу ауданының прокуратурасы, Жетісу ауданының білім бөлімімен, «Елюхан», «Almaty Fight Academy», «Спорт-Клуб Султан-Динамо» кәсіпқой спорт клубтарының иелерімен және «THS Group» ЖШС-мен бірлесе отырып жасөспірімдерді спорттық киімдермен және басқа да керек-жарақтарымен спонсорлық салымдар негізінде қамтамассыз ету бойынша ортақ келісімге келді. 

Жоба барысында спорт клубтарының жаттықтырушыларымен жаттығу кезінде және спорт жарыстарында жоғары нәтиже көрсете білген балаларды іріктеп, әрдайым мониторингтер жүргізіліп отыратын болады.  

Сондай-ақ, бұл әлеуметтік жоба қатысушылармен тек қайырымдылық көмек көрсету ретінде жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні Алматы қаласының Жетісу ауданындағы мамандандырылған үш спорт клубтарында 10-16 жас аралығындағы балаларға оқудан тыс бос уақытында спорт секцияларына қатысуыға болатын топтар құрылған.      

Жобаның ашылу салтанатына бокстан Рио-де-Жанейрода өткізілген Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов және бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, сондай-ақ «Алаш Прайд» кәсіби жауынгерлік клубының Президенті Каскарауов Данияр, және аралас жекпе-жек спорт түрінен әлем чемпиондары Егембердиев Евгений, Естан Ержан, Сағиев Куат сияқты спорттан жоғары жетістіктерге жеткен отандық спортшылар қатысты.       

Даңқты спортшылар өздерін мысалға келтіре отырып жасөспірімдерге спортпен шұғылдану кезінде немқұрайлы қарамауға, қандай-да бір жетістікке жету үшін көп еңбек етіп, табандылық білдіруге ақыл кеңестерін берді.

Аталған жобаны жүзеге асыру болашақ жасөспірімдер арасындағы спорттан жоғары жетістіктерге жетуге, сондай-ақ жасөспірімдермен жасалатын қылмыс санының азаюына және оларды болдырмаудың алдын алуға өз ыкпалын тигізеді.    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.