You are here

«Спортқа барар жол» атты әлеуметтік жобаны іске асыруға арналған іс-шара туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының прокуроры Б.Н. Асыловтың бастамасымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және прокуратура органдарының құрылғандығына 25 жыл толуына байланысты Жетісу ауданының прокуратурасымен «Спортқа барар жол» атты әлеуметтік жоба іске қосылуда.       

Аталған жобаның басты мақсаты спортқа ынтасы бар отбасылық жағдайы төмен және ерекше қабілетті, сондай-ақ оның ішінде спортпен тұрақты түрде айналысқысы келетін жасөспірімдерді бокс, тай боксы және аралас жекпе-жек секцияларына тегін түрде қатысуға мүмкіншілік беру болып табылады.     

Аталған жоба барысында спорт клубтарының жаттықтырушыларымен жаттығу кезінде және спорт жарыстарында жоғары нәтиже көрсете білген балаларды іріктеп, әрдайым мониторингтер жүргізіліп отыратын болады.

Сондай-ақ, бұл әлеуметтік жобаның қатысушыларымен тек қайырымдылық көмек көрсету ретінде жүзеге асырылады.

2016 жылдың 5 желтоқсанында сағат 11:00-де Жетісу ауданының прокуратурасымен және біздің келесі серіктестеріміз: Жетісу ауданының білім бөлімі, «Елюхан», «Almaty Fight Academy», «Спорт-Клуб Султан-Динамо» және «THS Group» ЖШС кәсіпқой спорт клубтарымен бірлесе отырып «Спортқа барар жол» атты әлеуметтік жобаның тұсаукесері өткізілетін болады.  

Сонымен қатар, аталған кешке бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов, бокстан олимпиада ойындарының жеңімпазы Иван Дычко, бокстан әлем чемпионы Биржан Жакыпов және тағы сол сияқты спорттан жоғары жетістіктерге жеткен отандық спортшылар қатысады. 

Жоғарыда аталған әлеуметтік жобаның ашылу салтанатына БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз!  

Осыған байланысты, 2016 жылдың желтоқсан айының 2 жұлдызына дейін 8701-888-15-09 немесе пошта арқылы е-mail: 7270823@prokuror.kz қатысуыңызды растауыңызды сұраймыз.   

Өткізу жері: Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 3, «Алтын Тараз» сауда орталығы, «Almaty Fight Academy» спорт клубы (жертөле қабаты). 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.