You are here

«Тергеудің мерзімін жүйелі болуына жеті қадам» жобасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласы прокуратурасымен қадағалау қызметінің және қылмыстық тергеу органдарының жұмысының тиімділігін арттыру және жақсарту үшін осы жылдың 01 шілдесінен бастап жүзеге асырылған «Тергеудің мерзімін жүйелі болуға жеті қадам» жобасы әзірлеп дайындалып, іске қосылған.

 Құқық қорғау органы блогына жалпы азаматтардың сенім деңгейін арттыру бойынша мемлекет Басшысы жолдауының бастапқы бағытын жүзеге асыру үшін осы жоба әзірлеп дайындалған.

 Жалпы алғанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық процесске қатысушылар мүддесін және құқықтарын қорғау үшін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның жүктемесін азайту үшін, ерекше қиындық туындатпайтын тергеу істерінің мәселелерін шешуде, құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне азаматтардан шағымдар түсулерін азайту үшін, сонымен қатар құқық қорғау органы мен прокуратура арасындағы қажетті қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін жасалған.

 Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдары әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдардың тіркеу динамикасының 48-ден 32-ге немесе 15% пайызға төмендеуіне жол берді.

 Басты ескеретіні, тергеудің мерзімі қысқартылғандығы, бұрын қылмыстық істер бойынша тергеу мерзімі 2 ай мерзімде жүргізіліп аяқталатын болса, қазіргі таңда жоспарды жүзеге асыру барысында процессуалдық шешім қабылдауы 10 күн аралығында жүзеге асырылуда, соңғы шешім қабылдау үшін сол мерзім аясында жедел-тергеу шаралары кешенін жүзеге асырған, яғни бұл шешімді аз уақыт аралығында қабылдауда 65,8 % пайызға қамтамасыз етілген.

 Сонымен қатар, ұялы байланыс арқылы мәліметтерді СМС хабарлама тарату жолымен қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық істің қозғалысын және сол бойынша шешім қабылдау туралы хабардар етуде азаматтардың шағымын тіркеу төмендетілгендігі жоспармен алғаш рет жүзеге асырылып және расталып шықты.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.