You are here

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ӨЗІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ДӘЛЕЛДЕП КЕЛЕДІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жасалынған қылмыстың дәрежесі мен қоғамға қауіпсіздігіне қарамастан  кінәліні  түзеу мекемесінің тезіне салып, бірыңғай жазалаумен шектеу  сияқты кеңестік жүйеден қалған қасаң қағиданы  түбегейлі өзгертіп, демократиялық қоғамға тән балама жазалардың тетіктерін қалыптастыру  мәселесі  ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ көтеріле бастаған еді. Өйткені  өмір тәжірибесі мен нарық заманының талабы  түрме халқының санын  әрі қарай көбейтудің  мағынасыз әрі әлдеқашан күні өткен  жүйе   екендігін көрсете бастады. Бұл сөзімізді статистикалық мәліметтердің өзі де растайды. Қолдағы бар көне  деректерге жүгінсек,  өткен ғасырдың  80-ші жылдарының орта шенінде әрбір 100 мың қазақстандыққа  676 жазасын өтеушіден келген екен. Бұл қазіргі жағдаймен салыстырғанда 2,5 есе көп деген сөз. Ал 90-шы жылдардың басында әрбір жетінші адам  еліміздегі түзеу мекемесінде жазасын өтеген. Бір ғана  1975 - 2000 жылдар аралығында ғана  әрбір 35-ші қазақстандық темір тордың ар жағында болып қайтқан. Олардың  әрбір он сегізіншісі  18 бен 50 жастың аралығындағы адамдар болатын. Осы көрсеткіштердің өзі ғана  түрме халқының санын әрі қарай  еселеп көбейтіп, мемлекет қаржысын шығындаудың   күні өтіп, қоғам дамуын тежей бастаған  факторлардың  бірі екендігін  аңғартса керек. Сондықтан да  Мемлекет басшысының  2009 жылғы 24 тамыздағы  Жарлығымен бекітілген  2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес балама жазаларды тәжірибеде кеңірек қолдануға басымдық берілді. Ал 2011 жылдың  18 қаңтары күні қабылданған  «Қазақстан Республикасының  қылмыстық жазаларын одан әрі ізгілендіру және балама жазаларды күшейту жөніндегі кейбір заңдық актілеріне  толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес   қылмыстық-құқықтық шараларды  қолданудың ауқымын кеңейтудің маңыздылығы  атап көрсетіліп, елімізде  мұндай жауапты істі  жүзеге асыратын мамандандырылған қуатты  органды құрудың  қажеттілігі  күн тәртібіне қойылды. Соның нәтижесінде бұрынғы қылмыстық атқару инспекциясының  қызметін заман талабына сай жаңа бағытта атқарып,  сотталған адамдарға  құқықтық көмек көрсетіп, олардың   білім алып, белгілі бір мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасуына көмек көрсететін    пробация қызметі өмірге келді.  Қазір   пробациялық қызметтің іргесі жылдан жылға кеңейіп келеді. Былтырғы жылдың 30 желтоқсаны күні елімізде алғаш рет «Пробация туралы» заң қабылданды.  21 бапты қамтитын жаңа заңда   пробациялық қызметті жүзеге асырудың нақты тетіктері мен  жолдары  қарастырылған. Заңның «Пробацияны жүзеге асырудың түрлері» деп аталатын 5-бабында сот үкімімен пробациялық бақылаудың есебіне  алынғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, олардың тағайындалған жазаларды орындаудағы жүріс-тұрысы мен мен мінез-құлқының полиция қызметкерлерімен бірге  қадағаланатындығы көрсетілген. Әлеуметтік-құқықтық көмек деп отырғанымыз бұл жазасын өтеушілерге  медициналық жәрдем беру, орта білім алуына және белгілі бір мамандықтың түрін меңгеріп, жұмысқа орналасуына,  ел заңдарында белгіленген тәртіппен  әлеуметтік жәрдем ақы  алуын қамтитын кешенді шаралар. Біздіңше бұл өте тиімді жүйе. Заңдық тұрғыдан қарағанда  да  бүгінгі  Пробациялық қызметтің  қоғамымызға  тигізетін  пайдалы  жағы   осында болса керек. Соның нәтижесінде осы кезге дейін өз  үстемдігін жүргізіп келген бас еркінен айыру сияқты жазалардың саны азайып, оларды  шартты түрдегі жазаға тарту, бас еркінен шектеу, айыппұл мен қоғамдық жұмыстарға тарту секілді балама шараларды қолдану қалыптаса бастады. Мәселен өткен жылы Алматы қаласындағы аумақтық пробациялық қызметтің бақылауынан 3295 адам өткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама артық. Әлеуметік тегіне қарай жіктесек, олардың 513 әйелдер, 9 кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдерді  болған. «Пробация туралы» заң қабылданып, қолданысқа енісімен «Жұртшылықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5 –бабының талаптарына сәйкес  түзеу мекемесінен босап шыққан тұлғаларды  жұмыспен қамту мәселесі де жанданып, оларды бос орындарға жұмысқа орналастыру үшін  белгілі бір мамандық түріне  даярлау және қайта даярлау жұмыстары  қолға алынды. Осы мерзім аралығында  Алматы қаласының аумағындағы пробациялық қызметтің ықпалымен  1025 адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда пробациялық бақылаудың есебінде 1988 тұлға тұр, олардың 56 жергілікті атқару органдарының көмегімен ал, 1823  өз бастамаларымен жекелеген  мекемелерге   жұмысқа орналасқан.  Бұдан тыс аумақтық  пробация қызметі Қылмыстық атқару кодексі 63-бабының 2 бөлігінің   тұрақты жұмысы жоқ бас еркінен шектеу түріндегі жазаға  тартылғандарды 240 сағат көлеміндегі  жұмысқа мәжбүрлі түрде  тарту жөніндегі талабына сәйкес   қалалық прокуратураның  «Сотталғандардың еңбегі қоғам игілігі үшін» деп аталатын жобасы негізінде  есепке алынғандарды  шаһардың  көшелері мен бас иесіз аумақтарын  тазалау жұмыстарына тартып, қаладан тысқары жерлерге  120 тоннаға жуық қоқыс қалдықтарын шығаруға көмектескен.

 Пробациялық қызметтің бүгінгі жетістігі осындай, ал, оның ертеңгі келешегінің бұдан да зор болатынына  сенім зор. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.