You are here

Прокуратура нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтың алдын алу мақсатында Бас прокуратура өртке қарсы қызмет органдарына барлық республика бойынша сауда нысандарын жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

Екі ай ішінде 1,5 мың шаршы метр және одан да үлкен құрылыс ауданы бар 1151 нысанды қамту жоспарланған. 

Сауда нысандарынан басқа, прокуратураның талабы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды жүзеге асыратын жеке мекемелер, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу орындары тексеріледі.

Аталған іс-шаралардың мақсаты – өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып отырған нысандардың қызмет жолын кесу, осындай іс-әрекеттерге ықпал ететін себептерді жою.

Өртке қарсы қызмет органдары осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сауда орталықтарын ғана тексере алатынын атап өтеміз.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі болған кезде жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсыру құқығы прокуратура органдарына тиесілі.

 

             Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.