You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, Алматы қаласының прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңында, ведомствоаралық өзара әрекеттесу сұрақтары бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықтың сақталуы мен қылмыстылықпен күрес жүргізу мәселелері басшылыққа алына отырып Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Кезекті кеңесте Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков, Үйлестіру Кеңесінің мүшелері мен тиісті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сонымен қатар Универсиаданы өткізуге тікелей қатысты ұйым басшылары қатысты.

Отырысты ашу сәтінде Алматы қаласының прокуроры бүгінгі жиналыстың маңыздылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шаралардың кажеттілігін, сонымен қатар Үйлестіру Кеңесі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тікелей тапсырмасымен өткізіліп отырғанын атап өтті.

«Мұндай көлемдегі іс-шараны бірінші рет өткізгелі отырмыз, Азиада ойындарында қатысушы мемлекеттер саны екі есе аз болды», - деді Б.Асылов.

Осыған орай, қала прокуроры ведомствоаралық әрекеттестікті күшейту, заманауи заңдылық тәртібін қамтамасыз ету, қарастырылып отырған мәселе бойынша шетелдік прогрессивті тәжірибені игеру қажеттілігін айтып өтті.

Қауіпсіздік құралдарының бірі ретінде мобильді қосымша бола алады, яғни Универсиадаға қатысты толық мәліметтер жиынтығы, жол сызбасы, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс.

Алдын алу және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының маңыздылығы да атап өтілді.

Аталмыш кеңестің қорытындысы ретінде, қала инфрақұрылымы және Универсиада объектілерін қылмыстан, террористік қауіпттен сақтандыруға, сонымен қатар қала қонақтары мен тұрғындарына жайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралары қарастырылды

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.