You are here

Алматы қаласының прокуроры Миразов Ғабит Төреұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Миразов Ғабит Төреұлы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл совхозында туылған.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің құқықтану факультетін бітірген соң, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры көмекшісінің тәлімгері болып бастаған.

1992 – 1995 жылдар аралығында Алматы қалалық прокуратурасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі,

1995 – 1996жж., Алматы қалалық прокуратурасында тергеу және анықтама бөлімінің прокуроры, 

1996 жылдың қаңтар айынан 1996 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

1996 – 1998жж., Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары,

1998 – 2001жж. Алматы қаласы прокуратурасының тергеу мен анықтама заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2001 жылдың ақпанынан сәуір айына дейін Алматы қаласы Түркісіб ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

2001 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың мамыр айына дейін Алматы облысы Балқаш ауданының,

2002 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Қапшағай қаласының прокуроры,

2002 жылдың қазан айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары,

2008 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2012 жылдың 27 ақпанынан бастап Алматы облысының прокуроры болып қызмет атқаруда.

2017 жылдың  ақпан айынан Мемлекет басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды

Сыныптық шені: 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.